CaspianLife, 18 қазан — Атыраулық полицейлер тозығы жеткен үйден қараусыз қалған 74 жастағы қарт ананы тапты. Бұл туралы облыстық ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
Қарт ана табылған кішкентай екі бөлмелі үйдің төбе жабындысы шіріп, қабырғасы тозып, сылығы түскелі тұр. Ол жерде 40 жастағы ұлымен бірге тұратыны анықталды. Зейнеткерге жедел жәрдем шақырылып, облыстық ауруханаға жеткізілді.
Журналист Жанат Жақсыбайқызы өзінің Facebook парақшасында қартқа күш көрсетілгенін және 1-ші топ мүгедегі бола тұра 5 жылдан бері ешқандай ем алмағанын айтты.
«Қазіргі таңда осы оқиғаға байланысты тексеру жұмыстары жүргізілуде. Жинақталған іс-құжаттар құзырлы органдарға жолданды», — дейді облыстық ПД-нің өкілдері.