CaspianLife, 17 қазан — Атырауда бір отбасы газға уланып, біреуі қаза тапты. Бұл туралы қалалық ТЖБ басшысының орынбасары Магомед Ахриев мәлімдеді.
Оның дерегінше, кезекшілікке жедел жәрдем станциясынан 6 адам газбен уланғаны туралы ақпарат түскен. Оның екеуі ересек болса, 4-еуі кәмелет жасқа толмаған. Тағы бір 90-дағы тұрғын қайтыс болды. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілгеннен кейін, үйлеріне жіберілді.
«Оқиға орнын тексеру кезінде түтін арнасының металл коррозиясының қалдықтары және ұсақ қоқыстармен бітеліп қалғаны анықталды. Салдарынан өрт сөніп, газ үйде орналасқан жылыту қазандығынан асып кеткен. Ал газ бөлмелерге тарай бастады», — дейді Магомед Ахриев.
Айта кетейік, Атырауда биыл газбен улану бойынша 9 дерек тіркелді.