CaspianLife, 13 қазан — Атырауда 20-ға жуық кәсіпорын еңбек дауына байланысты әкімшілік жауапкершілікке тартылды деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Мәселен, «Интер Таско», «Gold Construction», «Вест Дала», «КМГ-Секьюрити» және басқада мекемелерде жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігінің бұзылуы, еңбекақының уақтылы төленбеуі, еңбекақы мөлшерін арттыру, халықты жұмыспен қамту саласында бірқатар құқықбұзушылықтар анықталып, 1000-нан астам жұмысшының құқықтары қорғалды. Атырау прокуратурасы оларға 586 млн теңге көлемінде жалақысын өндірілуін қамтамасыз етпек.
Одан бөлек, облыс прокуроры Бауыржан Жұмақанов біліктілік талаптары мен лауазымдары сәйкес келмейтін 200-ден астам шетел жұмысшыларының рұқсаттары кері қайтарылды және заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырған 18 шетел азаматы Қазақстан Республикасы аумағынан депортациялау арқылы шығарылғанын мәлімдеді.