CaspianLife, 12 қазан — Атырауда мектептердің бірінде «жарылыс болады» деген ақпаратты кім таратқаны белгілі болды деп хабарлайды облыстық ПД-нің баспасөз қызметі.
Анық болғандай, мұндай жалған ақпаратты сол мектептің 14 жастағы оқушысы таратқан. Қалалық полиция басқармасы білім алушының ата-анасын шақыртып, тергеу-тексеру жұмыстарын бастады.