CaspianLife, 11 қазан — Аққыстауда жүк көлігі өртеніп, жалын тұрғын үйге дейін жетті деп хабарлайды Атырау обылстық ТЖД-нің баспасөз қызметі.
Оқиға 11 қазан күні түнгі сағат 01:33-те болған. Аққыстау өткелінде тұрғын үйлердің бірінің ауласында «Газель» автокөлігі өртке оранған. Кейін 2010 жылы шыққан көліктің Ресей Федерациясында тіркеуде екені анықталды.
Жүк көлігіндегі өрт салдарынан тұрғын үйдің терезесі жанып кетті. Өрт сөндірушілер жалынды 01:57-де оқшаулап, сөндірді. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.