CaspianLife, 6 қазан — Атырауда жертөлені есірткі дайындайтын зертханаға айналдырғандар ұсталды. Мұны облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлады.
Полицейлер 29 қыркүйек күні тыйым салынған өсімдіктерді өсірген үш күдіктіні анықтаған. Олар 34-37 жас аралығындағы ер азаматтар. Тінту кезінде суық қару мен марихуана есірткісін пайдалануға арналған құралдардан бөлек, ел аумағында тыйым салынған діни әдебиеттер тәркіленді.
Қазір үш күдікті уақытша қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу басталды.