CaspianLife, 5 қазан — Атыраудағы Құрманғазы атындағы мәдениет сарайныда ақын Маржан Ершудің “Атырау — айдынды өлкем ардағым-ай…” атты шығармашылық кеші өтті деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Өмірін өлеңмен өріп, поэзия әлемінде жыр бесігін тербеткен ақынның кешіне елге есімі танымал ақын-жазушылармен қатар Түркия және Қырғызстан елінен арнайы қонақтар келді. Сондай-ақ, шараға Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Әлимұхаммед Құттымұратұлы, Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражанов қатысты.
Шараға арнайы келген ҚР Президенті кеңесшісі Мәлік Отарбаев Маржан Ершуге ҚР Президентінің Алғыс хатын табыстады. Рухани кездесуде Маржан Ершудің сөзіне жазылған әуелеген ән айтылып, қаламгердің өлең-жырлары оқылды.