CaspianLife, 4 қазан — Атырау облыстық перинаталдық орталығы күрделі жөндеуден өткізілуде деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметі.
Жөндеу жұмыстары 3 қазан күні басталды. Осыған байланысты гинекология және ақылы бөлім уақытша жабық.
Орталықта жүкті әйелдерді қабылдау және босандыру жалғаса береді. Ғимараттың А блогы (4 қатарлы ғимарат) жүкті әйелдерді қабылдайды. Қазіргі таңда перинаталдық орталықта 173 жүкті ана бар. Кей әйелдер Құрманғазы, Жылыой, Индер, Махамбет пен Исатай аудандарынан келген.
Сондай-ақ, балалар оңалту орталығы СПИД орталығына көшірілді.
«Аталмыш орталық толықтай зарарсыздандырылып, санитарлық -эпидемиологиялық бақылаудың рұқсатын алып отыр. Аталмыш орталықта қабылдау шарбағы бөлек жасақталды», — делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.