CaspianLife, 30 қыркүйек — Атыраулық тұрғын журналистерден өзіне қол жұмсағанын видеоға түсіруді сұраған. Бұл туралы облыстық ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
Оқиға 30 қыркүйек күні сағат 12:30 шамасында болды. 31 жастағы азамат жергілікті тілшілерге хабарласып, көпірден секіретінін айтып, видеоға түсіруін сұраған.
Журналист бірден полицияға хабарлапты. Қалалық ПБ-ның қызметкерлері көпір үстіндегі аталған азаматты көріп, патурльдік полицияға бағыттама берген.
Тәртіп сақшылары оқиға орнына жеткенше азамат автобус астына түспек болды. Кейін тұрғын полиция басқармасына жеткізіліп, жедел тергеу тобына тапсырылды.