CaspianLife, 26 қыркүйек — Моншада «покер» ойынын заңсыз ұйымдастырған атыраулықтар қолға түсті деп хабарлайды Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі.
Ойыншылар 50 000 тенге тігу арқылы фишка алып немесе қаражаты болмаған жағдайда карта шотына ақша аудару және ойыншаларды қызықтыру үшін қарызға ойнауға мүмкіндігін берген. Бұдан басқа, жалдамалы пәтерде де «покер» ойынын ұйымдастырыру қылмыстық әрекеті әшкереленді.Сот үкімімен аталған тұлға қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 6 ай бас бостандығынан шектеу жазасына сотталды.
«ҚМА көлеңкелі экономика саласы, соның ішінде заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырумен күрес бойынша белсенді жұмысын жалғастыратын болады», — делінген агенттіктің хабарламасында.