CaspianLife, 22 қыркүйек — Атырауда жедел профилактикалық іс-шара барысында 200 келіге жуық балық тәркіленді деп хабарлайды облыстық ПД-нің баспасөз қызметі.
«Бекіре-2022» іс-шарасы аясында балық аулау ережесін бұзған 74 факті анықталды. Сондай-ақ, тағы 3 адам балық және балық өнімдерін заңсыз тасымалдаумен айналысқаны белгілі болды.
Барлық құқық бұзушылар ұсталып, олардан 200 келіге жуық балық тәркіленді. Балықшылардың 74-і жауапкершілікке тартылып, 1 азаматқа қатысты жинақталған құжаттар сотқа жолданды.
Сондай-ақ, облыстық Жайық-Каспий облыс аралық балық шаруашылығы инспекциясына заңсыз қара балықты және оның өнімдерін тасымалдау және әкету бойынша 3 құжат жолданып, 4 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
«Бекіре-2022» жедел-проифлактикалық іс-шарасы 31 қазанға дейін жалғасады.