CaspianLife, 20 қыркүйек — Атырауда тағы да қамыс өртеніп, қаланы түтін жайлады. Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі.
20 қыркүйек күні сағат 08:57 шамасында Атырау қаласы, Кенозек а/о, Тасқала ауылынан Каспий теңізіне қарай 40 шақырым қашықтықта қамыс жануда. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Зардап шеккендер жоқ. Жану көлемі анықталуда. Қамыс жануын сөндіруге Атырау облысы ТЖД күштері мен құралдар (25 қызметкер мен 6 техника) жұмылдырылды.