CaspianLife, 20 қыркүйек — Атырауда «Балауса» ықшам ауданында ит қабу фактісінен кейін қаңғыбас иттерді аулай бастады. Бұл туралы қала әкімідігінің инстаграм парақшасында хабарланды.
«Атырау қалалық ветеринариялық стансасы» КМК-сі 43 жастағы ер адамға шабуыл жасаған итті ұстап, 10 күнге карантинге оқшаулады. Зардап шеккен қала тұрғыны қазір облыстық ауруханада ем қабылдауда, жағдайы бірқалыпты. Ал, қабаған ит иесіне акт толтырылып, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
Иттерді аулау қызметі “Балауса” ықшам ауданында 16-18 қыркүйек аралығында үш күнде 13 қаңғыбас итті аулаған. Сондай-ақ, қала әкімдігі ит иелеріне ескерту жасады.
«Құрметті қала тұрғындары! Ит асыраған жағдайда, иттің өзге тұрғындарға зиян тигізбеуін қадағалап, жауапкершілікпен қарауларыңызды сұраймыз!», — делінген инстаграм парақшасында жарияланған жазбада.