CaspianLife, 19 қыркүйек — Атырауда қару сақтау тәртібін бұзған 84 тұлға анықталды облыстық ПД-нің баспасөз қызметі.
«Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 1 тегіс ұңғылы және 1 шолақ қару, 1 электрошокер, 1 қолдан жасалған қару анықталды. Сондай-ақ, 1 қылмыстық іс тіркелді.
Ішкі істер органдарының есебінде тұрған 1304 азаматтық атыс қарулар иелерінің тұрғылықты мекен-жайлары бойынша тексеріс ұйымдастырылып, азаматтық атыс қару сақтау тәртібін бұзғаны үшін – 84 және азаматтық атыс қаруды тіркеу немесе қайта тіркеуден өткізбегені үшін – 17 қару иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.