CaspianLife, 19 қыркүйек — Атыраулық 13 жасар қыз әлем чемпионы атанды деп хабарлайды Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұржауған Төлеуова.
Зарина Нұрғалиева шахматтан Румынияда өткен әлем біріншілігінде жүзден жүйрік шықты. Аталмыш чемпионатқа 72 елден келген 96 спортшы қатысты. Зарина шахматтың «классика» түрінен алтын медальға ие болды. Ол АҚШ, Канада және Ресей елінің ойыншыларымен тең ойнаса, Үндістан, АҚШ, Польша, Украина, Әзірбайжан, Латвия және Ресей елінің шахматшыларын жеңіп, 11 кезеңде 9 ұпай жинады.
Жас спортшы бұған дейін 12 жасқа дейінгілер арасында алтын жүлдеге ие болып, шахматтан Атыраудан шыққан тұңғыш Әлем чемпионы атанған болатын.