CaspianLife, 18 қыркүйек — Атырауда қаланы жайлаған түтіннің иісі қайдан шыққаны белгілі болды.
17 қыркүйек күні сағат 19:45 шамасында Кеңөзек ауылдық округіндегі Алғабас ауылынан Каспий теңізіне қарай 40 шақырым қашықтықта ауданы шамамен 16 га болатын қамыс жануда.
Жердің батпақты және техникалар баралмауына байланысты жануды сөндіруге мүмкіндік жоқ. Желдің бағыты оңтүстіктен 4 м/с Атырау қаласына қарай болғандықтан Атырау қаласында түтіннің иісі сезілуде.
Елді-мекендерге қауіп төніп жоқ. Зардап шеккендер жоқ деп мәлімдеді облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі.