CaspianLife, 14 қыркүйек — Атырау облысы Индер ауданының жаңа әкімі тағайындалды деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Дарын Шамұратов Индер ауданының әкімі болып тағайындалды. Ол М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «география» мамандығы бойынша, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті «қаржы» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек өтілі:
02.2009-05.2009 аралығында – Бөдене ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманның міндетін уақытша атқарушы
05.2009-12.2009 аралығында – Бөдене ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы
12.2009-09.2012 аралығында – Индер ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің бас маманы
09.2012-25.10.2012 аралығында – Индер ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің меңгерушісі
10.2012-08.2017 аралығында – Индер ауданы әкімі аппаратының басшысы
08.2017-04.2021 аралығында – Индер ауданы әкімінің аппараты, аудан әкімінің орынбасары
Тағайындалғанға дейін Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.
Аймақ басшысы Серік Шапкенов Индер ауданының жаңа әкіміне ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына және Мемлекет Басшысының жолдауын жүзеге асыруға қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.