CaspianLife, 12 қыркүйек — Атырауда діни тұрғыда құқық бұзғандарға 1 млн-нан астам теңге айыппұл салынды деп хабарлайды облыстық ПД-нің баспасөз қызметі.
Атыраулық полицейлер діни тұрғыдағы 43 құқық бұзушылық фактісін анықтады. Құқық бұзғандарға хаттама толтырылып, іс-құжат мамандандырылған сотына жолданды. Оларға қатысты сот шешімімен барлығы 1 млн-нан астам теңге мөлшерінде айыппұл салынды.