CaspianLife, 8 қыркүйек — Биыл ҰБТ-да жауап нұсқаларының саны азаяды. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев мәлімдеді.
Енді оқу сауаттылығында тек 3 мәтін және әр мәтін бойынша 5 сұрақтан беріледі. Бұған дейін 60-100 сөзге дейін қамтитын 3 және 450 сөзден тұратын 1 мәтін бойынша сұрақтар берілген болатын.
Ал, Қазақстан тарихында енді 20 сұрақ болады. Оның 10 сұрағы мәнмәтін бойынша, яғни, берілген, карта, сурет немесе тарихи мәтінге байланысты қойылса, қалған 10-ы дәстүрлі сұрақ болады. Сондай-ақ, орталық директоры қыркүйек айында «100 тарихи дата» жарияланатынын айтты.
«Кейде тарихи оқиғалар әр түрлі датамен беріледі. Бұл оқулықтың кінәсі емес. Енді ҰБТ-да кездесетін даталық сұрақтар осы «100 тарихи датадан» келетін болады», — дейді Руслан Емелбаев.
Тағы бір жаңалық, бір дұрыс жауапты сұрақта 4 нұсқа, ал бірнеше дұрыс жауабы бар сұрақтарда 6 нұсқа болады.