CaspianLife, 7 қыркүйек — М.Әуезов көшесіндегі жолды жөндеу жұмыстары осы аптада аяқталады. «Тұрғындар қалашығы» ықшам ауданындағы соңғы аялдамадан бастап Құрманғазы атындағы мәдениет үйіне дейінгі аралықтағы тас жол осы аптада пайдалануға берілмек.
Жолды салып жатқан «Атырауинжстрой» ЖШС қызметкерлерінің сөзінше ұзындығы небары 300 метр учаскенің 100 метрі пайдалануға беріледі.
Тас жолды жаңғырту жұмыстары маусым айында басталған еді. Ал пайдалануға берілетін мерзім ретінде қараша айы көрсетілген. Бірақ, құрылысшылар осы маңдағы көлік кептелісін, тұрғындардың өтінішін ескеріп, уақытынан бұрын аяқтауға тырысып жатырмыз дейді. «Тұрғындар қалашығы» ықшам ауданындағы бір-біріне қарсы орналасқан екі аялдаманың да жаңартылатынын айта кетейік.