CaspianLife, 31 тамыз — Испанияның Жирона провинциясында тауықтың жұмыртқасындай бұршақ жауып, 50 адам зардап шекті. Бұл туралы жергілікті денсаулық сақтау қызметі мәлімдеді.
El Paris басылымының дерегінше, бір жарым жастағы бүлдіршіннің басына бұршақ түсіп, ауруханаға жеткізілді. Өкінішке қарай, ол қаза тапты. Одан бөлек тағы 50 адам медициналық көмекке жүгінген.
Бұршақ Атырау уақытымен 20:30-да бастап жауған. Кей жерлерде бұршақтың диаметрі 10 см-ге дейін жетті.
Тұрғындар табиғи апаттың салдарынан шатырлар мен электр сымдары зақымданғанын айтады.