CaspianLife, 31 тамыз — Қытайда биыл ұялы телефон өндірісі азайды деп хабарлайды елдің Индустрия және ақпараттандыру министрлігі.
Синьхуа агенттігінің мәліметінше, қаңтардан шілдеге дейін 863 млн ұялы телефон өндірілді. Бұл 2021 жылдың дәл осы аралығымен салыстырғанда 3,6%-ға аз.
Аталған уақыт аралығында 663 млн сматрфон өндіріліп, 2,9%-ға азайды.
Кеден қызметінің хабарлауынша, Қытайдың ұялы телефон экспорты 11,5%-ға азайды. Биыл байланыс құралының 470 млн данасы шетелге сатылды.