CaspianLife, 31 тамыз — Атырауда еңбек заңнамасын бұзудың 224 дерегі анықталды. Бұл туралы облыс бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы ақпараттық талдау бөлімінің басшысы Самал Үбіғалиева мәлімдеді.
Биыл еңбек инспекторалы 1002 азаматтың өтінішін тіркеді. Ол бойынша 146 кәсіпорын мен мекемеге тексеріс жұмыстары жүргізіліп, еңбек заңнамасын бұзудың 224 дерегін анықтады. Инспекторлар заңсыздықты жою туралы 96 нұсқама беріп, 182 хаттама толтырды.
«Мемлекеттік еңбек инспекторлары 399 азаматтың еңбек құқығы қорғап, мемлекет пайдасына 22,7 млн теңге айыппұл өндіріп алды. Сонымен қатар, жалақы берешегі бар 17 мекемеден 181 жұмыскердің 37,2 млн теңге жалақысы толықтай өндірілді», — деді Самал Үбіғалиева.
Еңбек инспекторлары түсіндіру жұмыстарымен қатар жалақы төлеудің заңдылығын күн сайын бақылап отырады.