CaspianLife, 31 тамыз — Қаңтар оқиғасында зардап шеккен жасөспірімге Түркияда ота жасалды деп хабарлайды Orda.kz.
Қаза тапқан Айкөркемнің 15 жастағы әпкесі Жанель Мелдеханға ота жасалды. Қазір емдік шараларының арқасында беті бері қарады.
Апалы-сіңілі қыздар 7 қаңтар күні көлікте отырғанда оқ астында қалған. Айкөркем басына оқ тиіп, сол жерде жан тапсырды. Ал, Жанель ауыр жарақат алып, бірнеше күн жансақтау бөлімінде ессіз жатты.
Жанелдің қазіргі жағдайы туралы «Қазақстан халқына» ҚҚ Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Олжас Құдайбергенов өзінің Facebook парақшасында хабарлады.
«Жанель тамыз айының басында анасымен бірге Стамбул қаласына ұшты. Ол жерде 16 тамызда ота сәтті жасалды. 6 күннен кейін Алматыға келіп, емдеу курстарын аяқтады. Қазір жағдайы жақсы. Қаңтар оқиғасында зардап шеккендерге көмек көрсету бағдарламасы аясында отбасына төленетін барлық біржолғы төлемдерден (13 млн. теңге төленді) басқа, «Қазақстан халқына қоры» АҚ операциясы мен әуе тасымалы (және бір кәсіпкер қонақүй ақысын төледі) шығындарын да өтеді», — деді Құдайбергенов.
Сондай-ақ, қор Жанельге болашақта университетте оқу ақысын төлеу үшін қосымша депозит ашты. Егер ол мемлекеттік грантқа ие болса, қаржыны басқа мақсаттарда қолдана алады.