CaspianLife, 28 тамыз — Атырауда 5 сағатта 120-ға жуық бала жоғалды.
27 тамыз күні “Ембімұнайгаздың” 100 жылдық мерейтойына орай эстрада жұлдыздарының қатысуымен OPEN AIR концерті өтті. Оған қаланың 15 мың тұрғыны келді. 5 сағатқа созылған концертте бала жоғалғаны туралы 120-ға жуық арыз түскен.
Барлық жоғалған бүлдіршіндер 15 минут пен 1 сағат арасында табылып, ата-аналарына табысталды.
Айта кетелік, Атырауда мұндай ауқымды концерт пандемиядан кейін алғаш рет өткізіліп тұр.
Фото @bizdin_bala инстаграм парақшасынан алынды