CaspianLife, 23 тамыз — Атыраулық полицейлер бір аптада 17 мас жүргізушіні анықтады деп хабарлайды облыстық ПД-нің баспасөз қызметі.
22 тамызда сағат түнгі 01:20 шамасында патрульдік полицейлер Mitsubishi автокөлігін тоқтатып, тексеру кезінде жүргізушінің жеңіл дәрежеде мас екенін анықтады. 31 жастағы азаматқа қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, 15 тәулікке қамауға алынды. Сондай-ақ, 7 жылға көлікті басқару құқығынан айрылды.
Полицейлер қалада темір тұлпарды тізгіндейтіндер азаймай тұрғанын айтады. Сондықтан, бұл бағытта жұмыстар жалғасатын болады.