CaspianLife, 23 тамыз — Атырау облысында биыл 3000-нан астам қару иелері тексерілді деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Тексеріс барысында қару сақтау ережесін бұзудың 68 және оны тіркеу ережелерін бұзудың 45 фактісі тіркелді.
Атыраулық полицейлер атыс қаруымен болатын қылмыстардың алдын алу үшін тұрғылықты жері бойынша қару иелеріне тұрақты тексеріс жүргізіп отырады. Сондықтан, бұл бағытта жұмыстар ары қарай жалғасады.