CaspianLife, 22 тамыз — Атырауда өзбекстандық азамат бір кезде үш рет құқық бұзды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
21 тамыз күні сағат 05:25 шамасында атыраулық полицейлер бейнебақылау камерасы арқылы көп қабатты үйлердің бірінің ауласына ер адамның кіші дәрет сындырып тұрғанын және ішімдік ішіп, көлік тізгіндегенін көріп, Батыс қызметкерлеріне бағыттама берді.
Патрульдің полиция көлік жүргізушісінің Өзбекстан азаматы екенін анықтады. Одан бөлек, азаматтың жүргізуші куәлігі жоқ және темір тұлпарды мас күйінде айдаған.
Алайда, аталған азаматтың жеке басын анықтайтын құжаттары болмауына байланысты, Атырау қаласы полиция басқармасының қабылдау-тарату орнына орналастырылды.