CaspianLife, 22 тамыз — Атырау мұнай өңдеу зауыты биылдың бірінші жартыжылдық жұмысын қорытындылады деп хабарлайды зауыттың баспасөз қызметі.
АМӨЗ-дің бас директоры Мұрат Досмұратов еңбек ұжымымен кездесу барысында есеп берді. Оның айтуынша, 2022 жылдың 6 айында зауыт 2 681 мың тонна шикі мұнай өңдеді. Бұл жоспардың 108,1%-ын құрады.
Сондай-ақ, зауыт ел бюджетіне 49 млрд теңгеге жуық салық төледі. Оның 38 млрд-тан астамы жергілікті бюджетке аударылған.
Одан бөлек, коронавирусқа қарсы вакцинацияның жалғасып жатқанын да айта кетті. Қазіргі таңда 83,7%-дан астам қызметкер қайта вакцина алған.
Қорытындылай келе, Мұрат Досмұратов ұжымға жақсы қызметтері үшін алғысын білдіріп, 2022 жылдың екінші жартысына арналған мақсаттар мен міндеттерді белгіледі: қоршаған ортаға теріс әсерді азайту, мұнай өңдеу бойынша өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізу, өндірістегі жазатайым оқиғаларға жол бермеу, қарыздар төлеу бойынша міндеттемелерді орындау.