CaspianLife, 19 тамыз — Атырауда әскери қызметші қаза тапты. Марқұм Нұрбек Ерғалиев облыстағы Мемлекеттік шекара учаскелерінің бірінде қызметін өтеп жүрген еді. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Сот-медициналық сараптау нәтижесі бойынша «кенеттен болған жүрек өлімі» анықталды», — делінген хабарламада.
Әскери қызметшінің өліміне қатысты тергеу органдары қылмыстық іс қозғады. ҰҚК Шекара қызметінің басшылығы мен жеке құрамы әскери қызметшінің туғандары мен жақындарына қайғыра көңіл айтып, қаза тапқан адамның отбасына қажетті көмек беру шараларын қабылдауда.