CaspianLife, 18 тамыз — Атырауда жеңіл автокөлік жүргізушісі екі жасөспірімді қағып кетті деп хабарлайды облыстық ПД-нің баспасөз қызметі.
Оқиға 17 тамыз күні сағат 22:40 шамасында болған. ВАЗ 2114 автокөлігін басқарған белгісіз азамат Сәтпаев көшесіндегі «Ардагер» ойын-сауық орталығы тұсында реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан 18 және 17 жастағы жасөспірімдерді қағып, көлік жүргізушісі оқиға болған жерден қашып кетті. Қазіргі уақытта темір тұлпар арнайы тұраққа қойылды, рөлде болған азамат іздестірілуде.
18 жастағы жасөспірім Балалар ауруханасына жеткізілді. Мамандар жағдайы тұрақты екенін мәлімдеді.