CaspianLife, 17 тамыз — Атырау облысында бір күнде екі қора өртеніп кетті деп хабарлайды облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі.
16 тамыз күні сағат 18:36 шамасында Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылындағы тұрғын үйдің ауласындағы мал қорада өрт шығып, 40 рулон шөп жанып кетті. Одан бөлек жақын маңдағы үйдің сыртқы полифасад қаптамасы балқып кетті.
Дәл сол күні кешкісін сағат 22:33 шамасында Жылыой ауданы, Майкөмген ауылындағы шөп қора өртеніп, ішіндегі 10 рулон шөп жанып кетті. Қызыл жалын үш сағаттан кейін толықтай ауыздықталды.