CaspianLife, 16 тамыз — Атырауда спорт үйірмелері білім алушылар тізіміне «өлі жандарды» енгізіп, 405 423 теңге көлемінде ақша алған. Бұл туралы қала прокуратурасының бөлім бастығы Ерлан Какиев мәлімдеді.
Талдау нәтижесінде атыраулық кәсіпкерлердің облыстық Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының спорттық іс-шараларға бөлінген қаражатты заңсыз иемденгені белгілі болды. Ал, тізімде көрсетілген балалардың ата-аналарына хабарласқан кезде олардың ешқандай үйірмеге бармайтындары анықталған. Қазіргі таңда, 405 423 теңге толықтай өңдірілді.
Одан бөлек, муызкалық мектептерде «өзге де шығындарды» негізсіз қосу фактілері анықаталды. Атап айтқанда, кей мектеп жазғы жылыту жүйесі үшін ақы алған болса, кейбіреуі жалақыны қолдан өсірген. Қазіргі таңда саз мектептерінде бағаны 10%-дан астам көтеру тоқтатылып, 2730 баланың құқығы қорғалды.