CaspianLife, 15 тамыз – Атырауда «Қауіпсіз жол іс-шарасы аясында 20 күнде 8638 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 315 автокөлік айыптұраққа жеткізілді деп хабарлайды қалалық ПД-нің баспасөз қызметі.
Атап айтқанда, 467 жүргізушінің темір тұлпары техникалық байқаудан өтпеген болса, 457 адам көлік тізгінінде ұялы телефон қолданған.
1230 адам қауіпсіздік белгісін тақпаған, сондай-ақ, 277 жүргізуші басып озу немесе маневр жасау тәртібін бұзған.
22 көлік жүргізуші қозғалыстың қарсы бағытына шықса, 13-і бағдаршамның қызыл түсінен өткіп кеткен. Жаяу жүргіншіні өткізбеген 69 адамға хаттама толтырылды.
Одан бөлек, авариялық жағдай туындатқан 39, темір жол өтпелерінен өту қағидаларын бұзған 17, көлік құралын мас күйде басқарған 61 және жүргізушісі куәлігі жоқ 34 адам анықталды.