CaspianLife, 14 тамыз — Доссор-Бейнеу тас жолындағы жол апатынан 31 жастағы жолаушы қаза тапты деп хабарлайды Атырау облыстық ПД-нің баспасөз қызметі.
Оқиға 13 тамызда сағат 13:30 шамасында болды. Тас жолдың 157 шақырымында Лада Гранта автокөлігінің 30 жастағы жүргізушісң көлікті басқара алмай қалған. Жол-көлік оқиғасынан көліктегі жолаушы көз жұмды.
Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүргізілуде.