CaspianLife, 12 тамыз — Қызылқоға ауданына жаңа әкім тағайындалды. Енді аудан басшысының қызметін Қанат Әзхмұханов атқарады. Бүгін облыс әкімі Серік Шәпкенов Қызылқоға мәслихатының депутаттарына жаңа әкімнің кандидатурасын ұсынды.
Қанат Әзмұханов Орталық Азия университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «Қаржыгер» мамандығы бойынша тәмамдады. Сондай-ақ, құқықтану магистрі, іскерлік әкімшілік жүргізу докторы. Әзмұханов «Жүзе» ЖШС-де заң кеңесшісінің көмекшісі және заңгер қызметін атқарды. Кейін «КаспианПроджектСервисез» ЖШС директорының орынбасары және басшысы, сондай-ақ, «RegionTransCom» ЖШС-нің бас директоры болды.
2010-2012 жылдар аралығында «Nur Otan» партиясы филиалының қоғамдық-саяси жұмыс бөлімінің консультанты, ұйымдастыру-партиялық жұмыс бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.
Кейін 2013 жылға дейін «KazTransOil-Logistik» ЖШС-нің директоры болған.
2016 жылға дейін «Nur Otan» партиясының қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, 2018 жылға дейін Атырау қаласы мәслихатының хатшысы болды.
2020 жылға дейін «Region Trans Com» ЖШС кадрлар жөніндегі директоры лауазымында еңбек етіп, сол жылы тамызға дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің әлеуметтік әріптестік департаментінің директоры болды.
Бүгінгі күнге дейін Атырау облысы Ішкі саясат басқарма басшысының қызметін атқарып келді.