CaspianLife, 8 тамыз — ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов Атырау тұрғындарымен кездеседі деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Кездесі 12 тамыз күні сағат 14:00-де «Н.Ө. Балғымбаев атындағы коммуникацияларды дамыту орталығында» өтеді.
«Азаматтарды белсенді қатысып, Қазақстан Республикасының Энергетика министріне жеке сұрақтар қоюға шақырамыз. Сұрақтар a.ultarak@energo.gov.kz поштаcына және +7 (775) 886 10 55, +7 (777) 410 88 51 (WhatsApp) телефон нөмірлері арқылы қабылданады.», — делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.