CaspianLife, 5 тамыз – Атырауда қазір құрылысы жүріп жатқан 11 балабақша биыл қала күніне орай қолданысқа берілетін болады деп мәлімдеді қала әкімі Мейірім Қалауи жергілікт теларнаға берген сұхбатында.
Қазіргі таңда қала аумағында 11 бөбекжай салынуда. Қала әкімінің сөзінше, құрылысқа жауапты мердігер мекемелер де 10 қазанға дейін нысандарды қолданысқа беретіндерін айтқан. Егер жоспар орындалса 3000-нан астам бүлдіршін бөбекжайға баруға мүмкіндік алатын болады.