CaspianLife, 4 тамыз – Қаржы мониторинг агенттігінің Атырау облысы бойынша департамент қызметкерлері заңсыз құмар ойын орындарын анықтады деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметі.
Екі азамат 2021 жылдың тамыз айы мен 2022 жылдың маусым айларының аралығында Атырау қаласында орналасқан монша ғимаратынан және пәтерде заңсыз тиым салынған құмар ойынды жүзеге асырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген ойын бизнесі тәртібін бұзған.
Сот үкімімен екі адам қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, әрқайсысына 2 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.