CaspianLife, 5 мамыр — AMANAT партиясы Атырау облыстық филиалы жанындағы Мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық Кеңестің көшпелі мәжілісі Индер ауданында өтті. Онда партияның «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасының» аудандағы орындалысы қаралды.
Облыстық тексеру комиссиясының мәліметінше, олар бірқатар кемшіліктерді анықтапты. Мысалы аудандағы қырық шақты мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне еңбекақы, сыйақы төлеген кезде кемшіліктер жіберген: нәтижесінде 30 миллион теңгеге жуық бұзушылық белгілі болды.
— Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясымен 2020 жылы Индер ауданы бойынша сараптамалық-талдау іс-шарасын жүргізу барысында жалпы сомасы 248 246,6 мың тенгенің бұзушылықтары айқындалған, оның ішінде 85 502,2 мың тенгенің қаржы бұзушылықтары, тиімсіз пайдаланылған — 1 232,4 мың теңге, тиімсіз жоспарланған — 161 512,0 мың теңге және рәсімдік сипаттағы — 21 бірлік бұзушылық фактілері анықталған, — дейді қоғамдық кеңестің мүшесі Роман Мақсотов.