CaspianLife, 4 мамыр — Ақтаудағы елді мекендер тұрғындары су тапшылығын сезіп отыр. Мұнайлы ауданының әкімі Ержан Күмісқалиевтың сөзінше, су тапшылығы тұрғындардың өсу қарқынының жоғары болуы мен суару маусымының басталуынан туындап отыр.
Соның ішінде, Атамекен ауылдық округіне қарасты Батыр ауылының кейбір шағынаудандарының, «Арай» шағынауданының, сондай-ақ Басқұдық ауылдық округінің кейбір көшелерінің тұрғындары ауыз суға қол жеткізе алмай отыр.
– Мұнайлы ауданының қазіргі тұрғындарының санына байланысты күніне 35 текше метр ауыз су қажет. Дегенмен, қазір ауданға тәулігіне 12 мың текше метр су келуде, — деп хабарлады аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.