CaspianLife, 28 сәуір — Бүгін тұрғындар көліктің қозғалтқышында ит қысылып қалғанын көріп, құтқаруға тырысқан. Олар шығара алмаған соң 112-ге хабарласуды жөн көрген. Оқиға орнына келген құтқарушылар қысылып қалған итті аман-есен алып шықты. Жануардың жағдайы жақсы, ол босатылғаннан кейін қашып кеткен.