CaspianLife, 30 наурыз — Кеше Атырау облысында қатты жел салдарынан ғимараттардың шатырлары көкке ұшып, алған жарақат салдарынан бір адам ауруханаға түскен еді.
Атырау қаласындағы «Сарықамыс» шағын ауданында, Қызылбалық Геолог, Ақжар ауылдық округтерінде екпінді жел салдарынан электр желісі үзілген. Қазір барлық абонентке электр жарығы берілді.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, кеше, 29 наурызда қатты желдің салдарынан құтқарушыларға 34 шақырту түскен.