CaspianLife, 27 наурыз — Ақтауда сол жағындағы артқы дөңгелегінің бірі жоқ автобустың жолаушылар тасымалдап жүрген видеосы жарияланды. Бүгінде автобус жүргізушісіне айыппұл салынды.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қалалық №104 автобус жүргізушісі бір дөңгелегі болмаса да, жолаушылар тасымалдаған. Жүргізушінің жеке басы анықталды.
«Автобус жүргізушісіне қатысты көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 10-бөлігі бойынша хаттама толтырылды. Ол бойынша ол 20 айлық есептік көрсеткіш (61 260 теңге) көлемінде айыппұл төлейді», — делінген ведомство хабарламасында.
Техникалық ақауы бар көлік құралдарын пайдалануға жібергені үшін жауапты тұлғаларға да ҚР ӘҚБтК-нің 617-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылады. Бұл жаза лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 10, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 20, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 40 АЕК мөлшерінде айыппұл салу ретінде қарастырылады.
Видео:Lada.kz