CaspianLife, 18 наурыз — Маңғыстау облысында туристік кластерді дамыту үшін осы жылы «Сарша» аймағын және «Жылы жағажай» курорттық аймағын газдандыруды аяқтау көзделген.
«Мақат-Солтүстік Кавказ», «Бейнеу-Жаңаөзен» газ құбырларының параллель желілері салынады. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты.
«Газдандыру бойынша бірқатар маңызды жоба жоспарланған. Атап айтқанда, биыл қолданыстағы «Бейнеу-Жаңаөзен» газ құбырын күрделі жөндеуді бастау, сондай-ақ «Мақат-Солтүстік Кавказ» және «Бейнеу-Жаңаөзен» газ құбырларының параллель желілерін салу жоспарлануда. Атап өтетін жағдай, осы магистральдық газ құбырлары бір желілік орындаумен салынған және техникалық мүмкіндіктер мен пайдаланудың нормативтік мерзімі шегінде жұмыс істейді. Осы жобаларды іске асыру энергетикалық қауіпсіздікті және елдің батыс өңірлерін дамыту үшін қосымша газ көлемін тасымалдауды қамтамасыз етеді», – деді ол министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.
Болат Ақшолақтың атап өтуінше, Маңғыстау облысында туристік кластерді дамыту үшін осы жылы «Сарша» аймағын және «Жылы жағажай» курорттық аймағын газдандыруды аяқтау көзделген.
«Бұл Каспий теңізінің жағалауында туристік кластерінің 10-нан астам нысанын газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бірінші вице-министр Мұрат Жөребековке ҚазақГаз-бен бірлесіп, осы жобалардың белгіленген мерзімде іске асырылуын қамтамасыз етуді тапсырамын», – деді министр.