CaspianLife, 16 наурыз — Алдын ала ақпаратқа сәйкес тәркіленген каннабистік топтағы есірткінің қара базардағы бағасы 60 млн тг құрайды.
Аталмыш фактіге сәйкес Атырау облысының тергеу соты тексеру амалдарын жүргізіп, күдіктілерді қамауда ұстау туралы шешім шығарды.
Еске сала кетейік, 6-7 наурыз күндері Атырау облыстық ҰҚК Департаментінің қызметкерлері есірткі бизнесін ұйымдастырған қылмыстық топтың 4 мүшесін ұстаған еді.