CaspianLife, 11 наурыз — Атыраулықтарды жаңбыр әуреге салып-ақ тұр. Тұрғындар телегей теңіз болып жатқан аумақтардан аяқ киімін бүлдірмей өтетін жер іздеп әлек.
Амалы қалмаған халық тізіліп, қауіпті болса да бордюр үстімен жүруге, ал жүргізушілер көліктерін су астында қалған шұңқырларға соқпас үшін мысықтабандап қозғалуға мәжбүр.
Коммуналдық сала қызметкерлері «техникамыз жеткілікті, бірақ қайта-қайта жауған жаңбыр жұмысымызды көрсетпей жатыр» деп налиды.
Жаңбыр осы марттан басталды ғой. Күндізде , түнде де жұмыс жасап жатырмыз. Спецавтобаза мекемесінен 9 бірлік вакуум шықты. Осы қай жерлерде көп су жиналады. Мінекей қарапайым Молдағұлова мен Афанасьев көшесінің қиылысын алу үшін кешке дейін – рейс су алынады бір жердің өзінен. Үлгере алмай жатырмыз енді жаңбыр үсті-үстіне жауып тұр, — дейді «Арнаулы Автобаза» ЖШС учаске басшысы Мира Асанова.
Қазір қала ішінде бас-аяғы 25 техника жаңбыр суын сорып, тысқа төгіп жатыр. Оның 9-ы «Арнаулы автобазаға», қалғаны жекеменшік мекемелерге тиесілі. Осы уақытқа дейін облыс орталығынан 6000 текше метрден астам су шығарылған.