CaspianLife, 6 наурыз — Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, кеше, 5 наурызда Құрманғазы ауданындағы электр энергиясы өшіп қалған.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, кеше, 5 наурызда Құрманғазы ауданындағы электр энергиясы өшіп қалған.
«Құрманғазы ауданында 5 наурызда екпіні секундына 22-23 метрге жеткен қатты жел соқты. Ауа райының нашарлауынан сағат 03:10-да Құрманғазы, Орлы, Шортанбай, Нұржау, Жаңаталап, Қиғаш, Бірлік, Ақкөл, Мақаш, Дыңғызыл, Теңіз, Сафон, Байда, Көптоғай, Еңбекшіл, Кудряшов кенттерінде электр энергиясы авариялық ақаудың салдарынан өшіп қалды. Осыған байланысты аталған ауылдарда 52 907 абонент жарықсыз қалды. «Атырау Жарық» АҚ қызметкерлерінен құралған 10 авариялық бригада жөндеу-қалпына келтіру жұмысын жүргізіп жатыр. Оған техника тартылды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Ал, бүгін 6 наурызда сағат 11:30-да Орлы, Шортанбай және Құрманғазы кенттерінің электр энергиясы қосылды.
Қалған елді мекендерде 38 333 абонент жарықсыз отыр.
Электр желісіндегі ақауды қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр.