CaspianLife, 23 ақпан — Бұл туралы онлайн брифингте Атырау облысы прокурорының орынбасары Абзал Гилим мәлімдеді.
«Қазіргі уақытта бір полиция қызметкерінің жағдайы ауыр. Оған күрделі ота қажет. Ал, зардап шеккен өзге де күштік құрылым қызметкерлері ауруханалардан шықты» деп атап өтті спикер Абзал Гилим.
Жаппай тәртіпсіздік нәтижесінде Атырауда 103 тұлға ауыр жарақат алды, оның ішінде 55 полиция, 28 Ұлттық ұлан қызметкелері және де 20 азаматтық тұрғын бар.
Еске сала кетелік, жаппай тәртіпсіздіктер барысында Атырауда полицияның 17 қызметтік автокөлігі, 4 «жедел жәрдем» және 1 автобус зақымдалды.
Жалпы келтірген залал 168 миллион теңгеден асты.