CaspianLife, 21 ақпан — Оқиға 20 ақпан күні сағат 12.40-та Құрманғазы ауданы Байда ауылдық округінің Алтынсарин көшесінде болған.
Тұрғын үйдің 7×11 болатын кіреберіс бөлігі мен асхана бөлмесі жанып кеткен.
Үйге жапсарлас салынған азық-түлік дүкеніне оттың таралуына жол берілмей, 2 сағаттан кейін өрт толықтай сөндірілді.
Зардап шеккендер жоқ.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.